• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экология 13 Қараша, 2021

Бүгін 2 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

446 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 13 қараша күні атмосфералық ауа сапасының нашарлауы тек Алматы және Шымкент қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.