ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII Саммитіне қатысуға барған жұмыс сапарында түсірілген фото және видеоны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бара жатқан сәті» делінген хабарламада.
Бұған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына барды.