14 қарашадағы мәлімет бойынша 34 972 адам коронавирус инфекциясынан (29 982 КВИ+ және 4 990 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде: 6 736 пациент стационарда, 28 236 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
503 адамның жағдайы ауыр;
127 пациенттің жағдайы өте ауыр;
89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.