• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қараша, 2021

Қарағандылық Әли Ақсұңқар әлем чемпионы атанды

717 рет
көрсетілді

Әбу-Даби қаласында Шығыс жекпе-жегі – джиу-джитсуден өткен әлем чемпионатында Қарағанды қаласынан барып бақ сынаған Әли Ақсұңқар тамаша өнер көрсетіп, дүниежүзілік доданың жеңімпазы атанды, деп жазады Egemen.kz.

Балғын чемпион кеншілер астанасындағы №101 мектеп-гимназияның 6-сыныбында оқиды. Жасы 11-ге биыл толған өрен спорттың бұл түрімен үш жылдан бері айналысады екен.

Әлем чемпионы Әли қазақтың белгілі ақыны, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлының Рауан есімді ұлынан туған немересі. Атасы немересінің айтқанды екі етпейтін елгезек екенін, сабаққа да, спортқа да уақыт тауып, бірдей үлгеріп жүретінін айтады.

«Әли бұдан бұрын да бірталай жарыстарға қатысып, жүлде алып жүрді. Ол жекпе-жекке шыққанда, үйде тақымды қысып, шықпа жаным шықпамен отырамыз. Немерем жарыста намысшыл, ал өмірдің өзінде мейірімді болып өсіп келеді», дейді әжесі Ғалия Бердібай.

Қазіргі уақытта Әли Ақсұңқар білікті бапкерлер Олжас Нұртаханов пен Айбар Оразалының қарамағында жаттығады. Болашақта ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысында тұрып еліміздің Әнұранын шырқатуды армандайды.