• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қараша, 2021

ЕО Минск әуежайына қарсы санкциялар енгізуі мүмкін

228 рет
көрсетілді

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Беларусь Республикасына қарсы санкцияларды кеңейтіп, бұл қатарға мигранттарды блок шекарасына жеткізуге қатысы бар авиакомпаниялар мен туристік агенттіктерді қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, ЕО Беларусь Республикасы мигранттарды өз аумағына келуге шақырып, мыңдаған бөлігін санкцияларға жауап ретінде Польша мен ЕО-ның басқа көрші мемлекеттері шекарасынан өтуге итермелейді деп айыптады.

Агенттік ЕО авиакомпанияларға мигранттарды әкелуді қиындату үшін Беларусь Республикасының басты әуежайына санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.   «Беларусь Республикасына қарсы санкцияларымыздың құқықтық базасын кеңейтеміз, оны осы елге мигранттарды заңсыз әкелуге қатысқандарға қолдануға болады», деді Боррел француздық Le Journal du Dimanche газетіне.

Ол авиакомпаниялар мен туристік агенттіктердің басшылары Еуропа Одағында сапарға тыйым салуға және активтерді тоқтатуға тап болуы мүмкін екенін айтты. Боррелдің айтуынша, дағдарысқа қатысы бар Беларусь Республикасында 30-ға жуық мемлекеттік қызметкері де санкцияға ұшырауы мүмкін.