• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 15 Қараша, 2021

Талдау мектебіне қатысуға конкурс жарияланды

449 рет
көрсетілді

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас мамандарға арналған бірінші Талдау мектебіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жобаның мақсаты – талдамалық зерттеулер мен талдау мәтіндерді дайындау дағдыларын жетілдіру болып табылады. Бірінші Талдау мектебінің тақырыбы «Талдап жазу дағдыларын қалыптастыру» деп белгіленіп отыр.

Мектепке мемлекеттік қызметкерлер, талдамалық құрылымдардың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, жария сарапшылар, журналистер, магистранттар, докторанттар және т. б. қатыса алады.

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубы жобаға бастамашы болып отыр. Клубқа қатысушылар жақында өткен отырыстардың бірінде мемлекеттік басқарудағы, гуманитарлық зерттеулердегі, БАҚ-тағы талдау тәсілдерін күшейту қажеттігі туралы пікір айтып, жас мамандардың талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық жоба ретінде Талдау мектебін құруды ұсынған болатын.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл бастамаға қолдау білдірді. Қазақстандық бірқатар оқу орындары жобаға серіктес болып отыр.

Оқу процесі сапалы талдаудың өлшемшарттары мен стандарттары теориясын тыңдаушылардың меңгеруі төңірегінде әзірленеді. Ол үшін дәрістер, тренингтер мен шеберлік сабақтары ұсынылады. Содан кейін Мектеп тыңдаушылары тәжірибе барысында талдамалық мәтіндерді жазудың дағдыларын іс жүзінде пысықтайтын болады.

Мектептің дәріскерлері мен тәлімгерлері ретінде Қазақстаннан және шетелден көрнекті талдаушыларды тарту жоспарланып отыр.

Талдау мектебі күндізгі оқу түрінде 2022 жылдың 15 қаңтарында басталады. Өтетін орны – Нұр-Сұлтан қаласы. Сабақтар сенбі күні, күннің бірінші жартысында өтеді. Курстың ұзақтығы – сегіз апта.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша білім беру (саясаттану, халықаралық қатынастар, әлеуметтану, журналистика, философия, дінтану және т. б.);

- Іріктеу кезінде талдамалық құрылымдарда, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, ғылыми институттарда және БАҚ-та жұмыс тәжірибесі бар үміткерлерге басымдық берілетін болады.

- Қатысушылардың жасына шектеу жоқ, алайда 35 жасқа дейінгі үміткерлер артықшылыққа ие болады;

- Мектепке 2022 жылдың 15 қаңтарынан 5 наурызына дейін қатысу мүмкіндігі болады.

Байқау екі кезеңде өтеді:

I кезең. Бағдарламаға қатысу үшін төменде көрсетілген электрондық поштаға мынадай құжаттарды жіберу қажет:

- Түйіндеме (бір беттен көп емес);

- Ниеттену хаты (Талдау мектебіне қатысуға деген ынта-ықыласыңызды түсіндіретін 500 сөз);

- Бұрын жарияланған талдамалық материалдарға, сұхбаттарға, сөйлеген сөздерге сілтемелер (бар болса).

Түйіндеме, ниеттену хаты және сілтемелерді tulindinova@parlam.kz электронды поштасына жіберу керек.

II кезең. Әңгімелесу онлайн түрінде.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2021 жылғы 10 желтоқсан 23:59 (GMT +6)