• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қараша, 2021

Ақыл-ой өнімдерінің экспорты

272 рет
көрсетілді

Қазақстандық ғалымдардың 14 ғылыми әзірлемесі халықаралық нарыққа шықты және енді Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия, Қырғызстан сияқты елдерге экспортқа шығарылып жатыр. Барлық жоба Білім және ғылым министрлігі Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Сату көлемі жүздеген миллион теңгеден асып, ғалымдар пассивті кіріс алып отыр. Ғылыми әзірлемелердің қатарында – кобальт-57 радиоизотопы, зеңге қарсы дәрілік препарат, медициналық, тағамдық және тұрғын үй-жайларды санациялауға арналған биопрепараттар, сүт сарысуы негізіндегі сусындар, пробиотиктер және тағы басқалар бар.

«Ғылым қоры өзінің 15 жыл­дығын атап өтіп жатыр. Соңғы екі жылда 130-ға жуық жоба қаржыландырылды. Қор – ғылыми және ғылыми-техни­ка­лық қызмет нәтижелерін ком­­мерцияландыруға арнал­ған жобаларды гранттық қар­жы­ландыру бойынша операторы. Бүгінгі таңда біз 113 ғылымды қажетсінетін өндірісті іске қостық, оның 14-і өнім экспортына шығарылды. 1,5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Зияткерлік меншік авторлары мен ғылыми әзірлемелерді пайдаланатын кәсіпорындар арасында 45 лицензиялық келісім жасалды», деп атап өтті Ғылым қоры басқармасының төрағасы Арын Орсариев.

Ядролық физика инсти­ту­ты­ның ғалымдары коба­льт-57 радиоактивті изотопын арзан бағамен өндірудің жаңа технологиясын жасады. Бұл өнім ядролық медицинада, ғылыми зерттеулерге ар­налған құралдарды өндіруде медициналық томографтардың жұмыс істеу сапасын бақылау үшін қолданылады. Жоба ком­мерцияландырылды және отан­дық ғалымдардың технология­сы бойынша кобальт-57 изо­то­пының ерітіндісі өнеркәсіп өндірісінің көлемінде шығарыла бастады. Қазақстандық өнім халықаралық нарыққа шығып, бүгінде кобальт радиоизотопы партиясы Ресейге жеткізілуде.

Мемлекеттік қолдаудың нәти­жесінде қазақстандық ға­лымдар шетелдік ғалым­дармен қатар медицина, нано және биотехнология, жасанды интеллект, геология, минералдық және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі және экология салаларындағы заманауи әзірлемелерге қатысып жатыр. Ғылым қорының қол­дауымен елімізде жел және күн энергиясын өндіретін бірегей гене­раторлар өндірісі жолға қо­йылған.

«Қондырғы сыртқы қуат көзін қосуды қажет етпейді, не­гізгі және резервтік қуат көзі ретінде пайдаланылады. Со­нымен қатар электр желі­сі­нен алыс орналасқан нысан­дарды қуатпен жабдықтау мәселесін шешу­ге мүмкіндік береді. Жел генераторлары желге, да­уыл­ға, мұз қатуға, төмен тем­пе­ратураға төзімді. Аталған гене­раторларды жергілікті жер­дің географиялық және кли­мат­тық ерекшеліктеріне қа­ра­­мастан пайдалануға болады. Қондырғылар үлкен сұра­ныс­қа ие, бүгінгі таңда сатылым көлемі 100 млн теңгеден асты», деді жоба жетекшісі Жанболат Мұзбаев.

Микробиология және вирусология институтының ға­лым­дары зеңге қарсы «Ро­зео­фунгин-АС» препаратын ойлап тапты. Жақпа тері микоздарын емдеуге арналған және жоғары тиімділігін көр­сетті. Препарат бірегей құра­мы­мен және зеңге қарсы әсер ету спектрінің кеңдігімен ерек­ше­ленеді. «Розеофунгин-АС» пре­параты Диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасы дәрілерінің тізіміне және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярына кірді.