• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қараша, 2021

Алғашқы кезең табысты өтті

151 рет
көрсетілді

Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіру спортынан Бейжің Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық Әлем кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті.

Өкінішке қарай, Польшада ерлер құрама­сының бірде-бір өкілі жүлделі орындарға іліге алмады. Ал әйелдер арасында 1500 метр­ге жарысқан Надежда Морозова Қазақстан командасының қоржынына алғашқы қола жүлдені салды. А тобында сынға түскен отанда­сымыз 1500 метр қашық­тықты 01:56.925 уақыт көрсеткішімен жүріп өтіп, үздік үштікке енді. Алтын медальды жапониялық Михо Такаги (01:56.000), күмісті америкалық Брит­тани Боуи (01:56.606) иеленді.

Жарақатына байланысты былтырғы маусымға қатыспаған Екатерина Айдова биыл­ғы жарысты В тобынан бастады. Ол 1000 метрге жүгіруден В тобында үздік атанса, 1500 метрге жүгіруде екінші орынға табан тіреді.