• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Қараша, 2021

Қазақстандықтар таңдаған вакцинасын ақылы негізде салдыра алады

120 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Елімізде тұрғындарды вакциналау жұмысы қарқынды жалғасып жатыр. 15 қарашадағы дерекке сүйенсек, 8,5 миллионнан астам тұрғын екпе салдырды. Қазақстан вакциналау жұмысы жүргізіліп жатқан 207 ел арасында 104 орында болса, ТМД елдері арасында көш басында» деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ, министр Қазақстанда короновирус жұқтыру дерегі 23 пайызға төмендегенін жеткізді. Көрсеткіш көлемін арттыру мақсатында ел тұрғындары өздері таңдаған вакцина түрін ақылы негізде салдыра алады. Алексей Цой осы бағытта коммерциялық негіз іске қосылғанын айтты.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығаруды қолдады.

«Pfizer вакцинасы өңірлерге жіберілді. Сонымен қатар адамдар өздерінің таңдауы бойынша, қажет вакцинаны ақылы түрде алу мүмкіндігі болу үшін вакцинаны нарық сегментіне жеткізу туралы ұсынысты қолдаймын. Вакциналарды тасымалдау кезінде және қоймаларда сақтау режиміне ерекше назар аудару қажет. Осыған орай ақпараттық түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуді және ревакцинация қағидаларын сақтауды сұраймын», деді Асқар Мамин.