Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында жол-көлік апаты салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы сегізі түрлі жарақаттар алды, деп жазады Egemen.kz.
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні сағат 22:11-де Мааньшань ауданында орын алған.
Ол жерде автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Көліктердің соқтығысу себебі анықталуда.