Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометке» сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты ТЖД көлік жүргізушілеріне мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
Жолға мұқият назар аударыңыз, қозғалыс кезінде телефонды пайдаланбаңыз және машинаны басқаруға кедергі келтіретін бөгде әрекеттерге алаңдамаңыз; Есіңізде болсын: егер сіз көлік жүргізу кезінде кенеттен тоқтасаңыз, дөңгелектер құлыпталып, көлік құралын жүргізуге кедергі келтіреді; Жол қозғалысы ережелерін, қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасаудан және басып озудан аулақ болып, жаяу жүргіншілерге абай болыңыз, айналаңыздағы автокөліктерді қадағалаңыз. Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар: Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуші бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін; Көшелердегі жол қозғалысы белгіленген орындарда өту керек; Абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз; Әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз; Аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс; Мұз қатқан жолда тепе-теңдікті сақтау үшін қолыңызды қалтаңызға салмаңыз; Есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер.