• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 18 Қараша, 2021

Дауасыз дерттің анықталғанына – 40 жыл

723 рет
көрсетілді

Биыл еліміздегі Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні 15 қарашада Алматыда «АИТВ: әрқайсысын тыңда» науқанымен басталып, 15-25 қараша аралығында жер жерлерде осы ұранмен өтеді. Қарап отырсақ, ЖИТС деген дауасыз дерттің анықталып, алғашқы оқиғалары тіркелгеніне де қырық жыл өте шығыпты, бірақ АИТВ әлі де жаһандық індет болып қала береді.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ЮНЭЙДС ЖИТС індетін тоқтатып қана қоймай, халықтың негізгі топтарының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқық­тарын қорғауға, COVID-19 күрестің тиім­ділігін арттыруға және экономиканың қалпына келуін және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге шақырады.

– АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатыс­ты алалау мен кемсітушілікті жою, бар­лық мұқтажды қажетті дәрі-дәрмек­тер­мен және қызметтермен қамтамасыз ету, адам құқықтары мен гендерлік тең­дікке негізделген тәсілдерді пайдалану – бұл АИТВ және COVID-19 пандемиясын тоқтатудың басты шарттары, – дейді Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Төкеев.

Науқан күндері Алматы қалалық ЖИТС орталығының дәрігерлері қоғамдас­тық­тармен және үкіметтік емес қоғамдық ұйым­­дармен бірлесіп, халықтың АИТВ-инфек­­циясының және COVID-19 алдын алу шаралары туралы білімін арттыруға бағы­т­талған түрлі іс-шаралар өткізеді. Биз­нес-құрылымдардың қызметкерлері үшін АИТВ-ға жедел тестілеу өткізу және ақпа­рат­тық-білім беру материал­дарын тарату арқылы акциялар ұйымдастырылатын болады.

Білімді күшейту, стигма мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге жол бермеу мақсатында жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің педагогтері арасында әлеуметтік желілерде «Тоқта АИТВ Алматы» хештегімен бейне-өтініш жариялау арқылы челлендж өтеді.

Тестілеуді танымал ету және АИТВ-ның берілу жолдары туралы хабардар болуды арттыру үшін ЖИТС орталығының қыз­меткерлері дәрігерлерге, полицейлерге, педа­гогтерге, әскери қызметшілерге, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкер­леріне, аутрич-қызметкерлеріне онлайн режімінде тренингтер мен семинарлар өт­кізеді. С.Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлт­тық медицина университетінің студенттері үшін «АИТВ және стигма/дискриминация» онлайн-пікірсайысы жоспарланған. ЖИТС орта­лығының дәрігерлері қаланың медици­налық ұйымдары зертханалары­ның қызметкерлері үшін «АИТВ-ға алдын ала талдау кезеңінде тестілеудің сапасын қам­тамасыз ету» тақы­рыбында кеңес ұйым­дастырады.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін ЖИТС орталығының аумағында флюромашинаны пайдалана отырып, туберкулезге скрининг, сондай-ақ Гепатолог пен онкомаммологтің консультациясын өткізу жоспарланып отыр.

ЖИТС орталығының дүниежүзілік нау­­қанды өткізу бойынша серіктестері ара­сында әкім­дік, қоғамдық денсаулық бас­қар­масы, Алматы қаласының білім басқар­масы, ІІД, ҚАЖК, халықаралық, қоғамдық үкіметтік емес және басқа да ұйымдар бар. Мысалы, 2021 жылдың 1 қарашасындағы соңғы деректерге сәйкес, Алматы қалалық ЖИТС орталығында АИТВ-ахуалды 3 824 адам есепте тұр. Соңғы жылдары жы­ныс­­тық жолмен берілудің өсу тенден­ция­сы бай­қалды. 2021 жылдың он айын­да жы­ныс­­тық жолмен берілу АИТВ-жұқпа­сының жаңа жағдайларының 79,3 пайызын, па­рентеральді есірткіні көк­тамыр ішіне қол­дану факторы 15,2 пайызын құрайды.

 

АЛМАТЫ