• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2014

Пәтерді заңсыз жекешелендірген

220 рет
көрсетілді

Петропавлда күдіктілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді заңсыз жекешелендіріп алған. Петропавл қаласының прокуроры Қонысбек Ибраевтың хабарлауынша, қалалық прокуратура тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөліміне тексеру жүргізген. Тексеру барысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді заңсыз жекешелендіру фактісі анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсынылатын баспана тұрғын үйдің қалдық құны бойынша жекешелендіріледі. Дегенмен, Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан үйдегі пәтерлердің бірін жекешелендіру кезінде жергілікті атқарушы органға тұрғын үй құнының төленгені туралы жалған түбіртек ұсынылған. Салық қызметінің дерегі бойынша, аталмыш пәтерді жекешелендіруден түскен қаражат мемлекетке аударылмаған. Алаяқтық әрекет салдарынан мемлекетке 1 291 864 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. «Қаржы полициясы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады», – деп мәлімдеді Қ. Ибраев. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар