• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қараша, 2021

Президент өліміне қатысы болуы мүмкін күдікті көз жұмды

232 рет
көрсетілді

Гаити Президенті Жовенель Мойзаның өліміне қатысы бар деп айыпталған күдіктілердің бірі COVID-19 салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Деректерге сенсек, күдікті Гилбер Драгон жағдайының нашарлағанын сезген кезде қамауда болған. Ол тыныс алу жолдары қиындықтарының белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Арада аз уақыт өткенде Драгон коронавирус дертінен қайтыс болды.

Жергілікті полиция өкілі Пьер Рене Франсуа ұсталған адамның қайтыс болғанын растады. Тәртіп сақшылары күдіктіден бірнеше тапанша, гранаталар, жартылай автоматты AR-15 мылтығы мен оқ-дәрілер, сондай-ақ қылыш тапқан еді.

Бұған дейін Гаити Президентінің өліміне қатысы бар күдіктілердің бірі, кәсіпкер Самир Хандал Түркияда ұсталған.

Гаити Президенті Жовенель Моиза 7 шілдеге қараған түні оның резиденциясына шабуыл жасалған кезде ауыр жарақат алып, салдарынан көз жұмған. Оның әйелі де жарақат алып, Американың Майами қаласындағы ауруханада емделді.