АҚШ-тың Калифорния штатында балалар белгісіз дертке шалдықты. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.
Дәрігерлер әлі күнге дейін белгісіз індетпен күресу жолдарын таппай қиналуда. Нақты айтқанда, 25 баланың тыныс алу жолдары тарылып, аяқ-қолдары істемей қалған. Ауруға шалдыққан балалардың орта жасы 12-де.
Калифорнияда мұндай індет алғаш рет 2012 жылы тіркелген.
«Ата-аналар баласын дәрігерге кеш көрсеткендіктен, олардың ауруы асқынып кетуі мүмкін. Ол кезде терапиялық көмектің де тигізер пайдасы шамалы болып қалады. Дегенмен, қазір науқастарды айықтыру үшін түрлі емдеу шаралары қарастырылып жатыр. Әзірге айтарлықтай нәтиже жоқ», – дейді Калифорния университетінің неврология саласы бойынша профессоры Эммануэль Вобан.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Vesti.ru.
Фото: tsn.ua.