• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қараша, 2021

Президент саясаткерлердің ақшаларын бақылау туралы Заңға қол қойды

274 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенат депутаты Ольга Перепечина бұған дейін мәлімдегендей, заң заңсыз кірістерді жылыстату тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Заң жобасының негізгі аспектілері – ұлттық жария лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті тексеру шараларын белгілеу.

Ұлттық жария лауазымды тұлғалар институтын кезең-кезеңімен енгізу, ҚР жария лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын ақшамен және өзге мүлікпен операциялар бойынша бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеу үшін «жария лауазымды тұлғалар» ұғымын бекіту ұсынылады.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.