Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті. Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
«Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр» деп жазады Берік Уәли Facebook парақшасында.