• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 19 Қараша, 2021

Алматы – Доха бағыты бойынша жаңа әуе бағыты ашылды

459 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы-Доха бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің Telegram-дағы хабарламасына сілтеме жасап.

Іс-шараға азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, «Qatar Airways» авиакомпаниясының Шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп ер Тунга Ерсой қатысты.

Рейстер аптасына 2 рейстің жиілігімен сыйымдылығы 132 кресло (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А320 типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы 140-тан астам тағайындалған пункттерден тұратын «Qatar Airways» авиакомпаниясының маршруттар желісін пайдалана алады. Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы жоспарланған болатын, бірақ пандемияға байланысты тоқтатылды. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру бойынша, сондай-ақ жаңа халықаралық бағыттарды ашу бойынша жұмыс жүргізуде.