• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қараша, 2021

Филиппин билігі туристердің келуіне рұқсат берді

204 рет
көрсетілді

Филиппин елінің билігі COVID-19 індетіне қарсы вакцинацияланған туристердің елге кіруіне рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы аталмыш елдің туризм министрлігі мәлімдеді.

«Филиппин билігі COVID-19 вакцинациясынан өткен туристер үшін елге кіруге рұқсатты мақұлдады», делінген елдің туризм министрлігі таратқан баспасөз хабарламасында.

«Туризм министрлігінің сұрауы бойынша жұқпалы аурулардың өршуі жөніндегі мекемеаралық мақсатты топ жасыл тізімдегі елдерден толығымен вакцинацияланған туристердің елге кіруін мақұлдады», делінген ведомство жазбасында.

Жасыл тізімдегі елдердің азаматтарына елге кіруге рұқсат қатаң шарттарға негізделетіні көрсетілген. Бұл елдерден келген туристер Филиппин реттеушісі немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен толық вакцинациядан өтуі керек.