Оралда газ ауа қоспасы жарылып, ер адам күйік жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 қараша күні сағат 05.58-де «Жаңа орда» шағынауданындағы 5 қабатты үйде болды. Төртінші қабаттағы пәтерде газ ауа қоспасы жарылып, 1994 жылғы ер адам күйік жарақатын алған. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
«Аталған тұрғын мойнынан, қолынан, кеудесінен 30-31 пайыз көлемде үшінші дәрежелі күйік жарақатын алған. Ол анасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Оқиға болған кезде анасы үйде болмаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді департамент бастығы Ернұр Өтегенов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.