• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қараша, 2021

Елордада ерекше күтімді қажет ететін жандар арасында шығармашылық байқау өтті

367 рет
көрсетілді

Елордада паралимпиадалық жаттығу орталығында ерекше қажеттілігі бар жандар арасында «Ғажайып жұлдыздар» шығармашылық байқауы өтті. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығармашылық сайыс 7 санатта өтті: ән, би (жеке, топтық), өлең, музыкалық аспаптарда ойнау, миниатюра, stand-up, қолөнер.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен ерекше физикалық қажеттіліктері бар 200-ден астам адам қатысты.

Байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату, инклюзивті қоғамдастық құру және мүгедектігі бар жандар арасында таланттарды анықтау. Қазылар алқасы әр санаттағы үздіктерді анықтады. Жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, түрлі сыйлықтар тапсырылды.

Байқауды «Каспий» спортты дамыту қоры Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

 

 

Соңғы жаңалықтар