Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар санын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, кейінгі тәулікте коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан 21 адам көз жұмған.
Белгілі болғандай, 14 науқаста COVID-19 сынағы оң нәтиже, жетеуінде теріс нәтиже көрсеткен.
21 қарашадағы жағдай бойынша 30 408 адам КВИ (–26 231+ және 4 177 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде 6 410 науқас стационарда, 23 998 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ + және КВИ - бар науқастардың арасында:
жағдайы ауыр - 486 науқас, өте ауыр жағдайда - 124 науқас, жасанды тыныс алу аппаратында - 89 науқас. Өткен тәулікте (20 қараша) Қазақстанда коронавирус инфекциясының 1047 жаңа жағдайы тіркелді.