«Қазгидромет» мамандары 21 қараша күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үлкен ылғал қоры бар Атлантикалық циклон өзімен бірге Қазақстанның солтүстік жартысына - қар, батыс бөлігіне - жаңбыр мен қар, тұман, батысқа - көктайғақ пен жауын-шашын әкеледі.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашын жаумайды, күн ашық. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Аймақтың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Атырау облысында жаяу бұрқасын көтеріледі, басым бөлігінде жел қарқыны - 23-28 м/с. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысында күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.
Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 15-20, екпіні 23 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.