• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 22 Қараша, 2021

Көңілден шықпады

267 рет
көрсетілді

Норвегияның Ставангер қаласында конькиден Әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақ­станның спортшылары бұл жарыста көңіл көншітерлік нәтиже көрсете алмады.

Скандинавия түбегінде Екатерина Айдоваға ерекше сенім артылған еді. Ке­зінде жастар арасында әлем чемпионы атанып, Ванкувер, Сочи және Пхёнчханда алауы тұтанған Олимпия ойындарында өнер көрсеткен сақа спортшымыз 1000 метрлік қашықтықта 13-орынды қанағат тұтты. Бұл бәсекеде америкалық Британи Боудың бақ жұлдызы жанды. Жарыс жеңімпазының көрсеткіші – 1:14.168. Күміс пен қола медальды Жапонияның қос жұлдызы Михо Такаги мен Нао Кодайра иеленді. 500 метрлік сайыста «В» дивизионында бақ сынаған Айдова 10-орында қалып қойды. Ал өзге конькишілеріміздің нәтижелері одан да төмен.