• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Қараша, 2021

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

142 рет
көрсетілді

Қазгидромет 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Елдің басым бөлігінде құбылмалы циклон сақталып жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы төмендеп 18-23 градусқа дейін аяз болады, орталықта және шығыста түнде 8 градусқа суытады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 9-17 жылы болады.