Елордада екінші ауысымдағы жекелеген сыныптарға сабақтар онлайн форматқа ауытырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«22 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде.