• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Қараша, 2021

Елордада шіркеу тоналды

824 рет
көрсетілді

Бүгін түнде елелордадағы ғибадатхана тоналды, күдіктілер 170 мыңға жуық теңгені ұрлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қарақшылар қақпадан секіріп өтіп, ғимаратқа астыңғы қабат арқылы кірген. Және қайырымдылыққа арналған 6 қораптан 170 мың теңгені қолды қылған.

Таңертең ұрлық фактісі анықталғаннан кейін Серафим ғибадатханасының діни қызметкері полицияға хабарлаған.

Полиция бір тәулік ішінде 27 жастағы екі жігітті ұстады, олардың біреуі бұрын шіркеуде күзетші болып жұмыс істеген.. Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындады. Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Белгілі болғандай, қылмыскер 2019 жылы ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.