Осы жылдың тамыз айында ел билігіне келген «Талибан» қозғалысы елдегі бірқатар телебағдарламаға, соның ішінде әйелдер қатысатын телеөнімдерді көрсетуге тыйым салды, деп жазады Egemen.kz.
«РИА Новостидің» жазуынша, Ауғанстандағы барлық телеарналар өз бағдарламаларының шариғат пен моральдық нормаларға қайшы келмеуін, ойын-сауық бағдарламаларының діни тұрғыда дұрыс болуын, журналист әйелдердің орамал тағып жүруін бақылауы керек.
«Әйелдер қатысатын телехикаяларды көрсетуге тыйым салынады. Сондай-ақ ерлер немесе әйелдер жартылай жалаңаш кейіпте көрінетін фильмдер мен клиптерді көрсетуге тыйым салынады», делінген елдің ақпарат саласына жауапты министрлігі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Ауғанстанның жаңа билігі телерадио жұмысына өзгерістер енгізіп үлгерген болатын. Ол өзгеріске сай Ауғанстан парламенті елдегі басты телерадиокомпанияның атауын «әл-Хиджра» деп өзгертіп, онда тек исламдық тақырыптарды қамтитын бағдарламаларды көрсете бастаған.