• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қараша, 2021

Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 30 адам эвакуацияланды

159 рет
көрсетілді

Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 қараша күні Құрманғазы көшесі 210/1- мекенжайында болды. Сағат 13.02-де 3 және 4 қабат арасындағы электр қалқаны, сондай-ақ 3-тен 5 қабатқа дейін 9 метр электр кабелі жанды.

ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылса, соның үшеуі – балалар. Оған қоса 30 адам шығарылды, оның төртеуі – балалар. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 13.41-де оқшауланып, 13.56-да сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.