Таиландта оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубан үкіметпен ашық пікірталас жүргізуге келісім берді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Бұдан бұрын Сутеп Таугсубан премьер-министр қызметін атқарушы Йинглак Чинаваттың елдің ішкі саяси ахуалын жақсарту мақсатындағы диалог құру жөніндегі ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Бұл жолы халықтың мүддесі үшін телеарнада ашық пікірталас өткізуге ұсыныс білдірді.
Таиландтағы үкіметке қарсы наразылық акциялары өткен жылдың қараша айынан бері жалғасып келеді. Соның салдарынан кезектен тыс парламент сайлауының өтуіне кедергі болды. Жалпы, оппозиционерлер Йинглак Чинават басқаратын үкімет мүшелерінің отставкаға кетуін талап етуде. Сондай-ақ олар сайлаудан бұрын елде саяси реформа жүргізуді көздеп отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Irat-tass.com.
Фото: Epochtimes.ru.