• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Қараша, 2021

Қола медальға қол жеткізді

378 рет
көрсетілді

Каратэден Біріккен Араб Әмірлік­терінің Дубай қаласында өткен әлем чемпионатының командалық сайы­сында Қазақстан құрамасы қола ме­дальды иеленді.

Парсы шығанағында отандастарымыз тәуір өнер көрсетті. Тек жартылай финалда ғана сүрінген спортшыларымыз үшінші орын үшін Түркия құрамасымен күш сынасты. Шешуші тұста Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіханов және Нұрнияз Елдашев жеңіске жетсе, Бейбарыс Жаңбырбай өз қарсыласына есе жіберді. Ал Игорь Чихмаревтің жекпе-жегінде тең есеп тіркелді. Осылайша, Қазақстан каратэ­шілерінің қоржыны тағы бір қола медальмен толықты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұрқанат Әжіханов пен София Берульцева өз салмақтары бойынша дәл сол межеге жеткен.

Иә, әлем чемпионаттарының жекелеген сайыстарында талай жерлесіміздің жасындай жарқылдап, жеңіс тұғырына көтерілгенін көзіміз көрді. Бірақ командалық додада еш­уақытта жүлделі орынға иелік ете алмаған едік. Бұл жолы асығымыз алшысынан түсті.