• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Қараша, 2021

Асқар Мамин шекара маңындағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды

99 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шекара маңындағы өңірлерге эпидемиолоигиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, шекаралас мемлекеттердегі жағдай босаңсуға болмайтынын көрсетіп отырғанын атады.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалардағы орындардың қамтылуы 30 пайызды, ал реанимациялық орындардың қамтылуы 25 пайызды құрайды. «Қызыл» аймақта екі өңір – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. «Сары» аймақта 4 өңір, «жасыл» аймақта 11 өңір бар»,  деген Асқар Мамин санитариялық талаптарды әрі қарай да жаппай сақтау керектігін атап өтті.

«Дегенмен, вирустың таралуы шекаралас мемлекеттерде өскенін ескерсек, санитариялық талап шараларын жаппай сақталуы тиіс. Әсіресе шекара маңындағы өңірлер эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстауы қажет», деді Үкімет басшысы.