Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық сайыстары аяқталды. Соңғы матчта «Тобыл» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.
Аталған командалар арасындағы алғашқы ойын өте қызықты өтіп, «Шахтер» 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Қостанайда да кеншілер қаласынан келген жігіттер өздерінің мықтылығын мойындатып, алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты: 35-минутта Павел Назаренко нысананы дәл көздесе, араға төрт минут салып Мартин Тошев допты торда тулатты. Есеп – 0:2. Одан кейін екі команда тарапынан бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырылғанымен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Осының алдындағы екі кездесудің қорытындысы бойынша «Қайрат» «Астананың» тас-талқанын шығарғаны белгілі. Есеп – 6:0. Міне, енді «Шахтер» жеңіске жетіп отыр. Сөйтіп, Қазақстан кубогының финалдық сайысы қарағандылықтар мен алматылықтар арасында өтеді.