• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қараша, 2021

Қарағандыда 81 жастағы зейнеткерді тонап кетті

172 рет
көрсетілді

Қарағандыда 19 жастағы жігіт зейнеткерге шабуыл жасап, оның ақша салынған сөмкесін алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz сайтынің мәліметінше, 21 қарашада Қарағанды ​​полициясына көшеде қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

«Белгісіз біреу 81 жастағы зейнеткердің басынан соғып, сөмкесін алып кеткен. Сөмкеде 12 мың теңге мен құжаттар болған. Оқиға орнына жақын маңда орнатылған бейнебақылау камераларынан күдіктінің бағыты анықталды», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай, 19 жастағы ер адамды ұстады. Айғақты зат тәркіленді, жасөспірім зейнеткерді тонағанын мойындады. Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.