• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Театр 24 Қараша, 2021

Бірегей балет үлгісі

238 рет
көрсетілді

Жақында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрында белгілі хореограф Василий Медведевтің редакциялауымен Рикардо Дригоның музыкасына жазылған «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты бірегей балеттің әлемдік премьерасы қойылды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Temps lié II кәсіби хореографиялық оқу орындарының халықаралық фестивалін көрнекті балетмейстер Мариус Петипаның «Кішкентай жауһар» аталған спектаклімен ашуының ма­ңызы ерекше. Аталған ака­де­мияның ректоры Алты­най Асылмұратова әлемдік дең­гейдегі балеттің ерекшелігіне тоқ­тала келіп: «Мариус Пети­паның осы соңғы туындысы үлкен театрлар сахнасын­да қойылмаған, бірақ ол тура­лы естелік сақталған. Міне, ғасырдан астам уақыт өт­кен соң көптеген талантты адамның күш-жігерінің арқасында біз осы спектакльді қайта жаңғыртып, көрермен қауымға сыйға тартып отырмыз», деп атап өтті.

Балет либреттосын хо­рео­граф Василий Медве­дев пен Яна Темиз − Иван Все­воложскийдің түпнұс­қа­лық либреттосы негізінде қай­та жасаған. Балет хореографиясы іс жүзінде жоғалып кеткендіктен, оны талантты хореограф Василий Мед­ведев елімізде сахналау үшін қайта әзірледі. Оркестр пар­ти­турасының авторы, му­зыкант әрі музыкалық өң­деуші Дәулет Шәкіров. Қо­­йылымға арналған кос­тюм­дерді Император театр­ла­­ры­ның директоры Иван Все­воложскийдің эскиз­­­дері не­гізінде суретші Наталья Про­тасова дайындаса, сцено­гра­фия авторы Жандос Ома­ров.

«Бұл балетте мен клас­си­калық бидің барлық түр­лерін көрсетуге күш салдым, атап айтсам, үлкен ансамбльдер, па-де-сиз, па-де-катр, па-де-труа, адажио, вариациялар. Мен балеттің әдемі, серпінді және заманауи болып шығуын қаладым. Петипаның да жүз жылдан астам уақыт бұрын жасалған кез келген балетті қоюы да екіталай еді. Өнер дамып келеді, бұл жанды және үздіксіз процесс» дейді қоюшы-хореограф Василий Медведев.

Ал әртістермен бірлесіп жұмыс жүргізген, қоюшы-хореографтың ассистенті Ста­нислав Фечоның сөзіне зер салсақ, ол ұмытылған балет­терді қалпына келтіру – хореограф үшін үлкен тәжірибе екендігін айтады.

«Раушан гүлі мен көбе­лектің романы» − бұл ұлы хореографтың шығармашы­лық мұрасын сақтаудың, оны неоклассикалық рухта қайта ойластырудың үлгісі деймін. Сондықтан оны әлемдік балет өнерінің дамуына қосқан үлес деп білемін. Дәлірек айтқанда, Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары және талантты жас орындау­шылармен жұмыс – ескілік пен жастық шақтың ғана емес, балет өнерінің өткені мен бо­ла­шағының символдық үйле­сімі болды» деді ол.

Өнерсүйер қауымды қуа­нышқа бөлеген қойылымға Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстаздары мен оқушылары қатысып, ондағы басты партияларды – Камила Шахманова, Хван Амир, Амина Кисембаева, Лимара Айдарова және Алина Зырянова шебер орындады. Қысқасы, эмоциялық әсерге толы тамаша орындау техникасы жас балет әртістеріне сахнада ұмытылмас бейнелер жасауға мүмкіндік берді.