• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қараша, 2021

Елбасы кітапханасы мен ТүркПА меморандумға қол қойды

331 рет
көрсетілді

Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегация ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында болды, деп жазады Egemen.kz.

Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен ТүркПА ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

«Бауырлас түрік халқы – егемендігімізді алғаш болып мойындаған ел. Аталмыш құжатқа қол қою арқылы қос мекеме екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың кезекті қадамын жасап отыр. Бұл рәсімнің тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен еліміздің ТүркПА-ға төрағалық ету жылының тұсында айрықша маңызы зор. Түркі әлемінің ақсақалы ретінде Елбасы түркітілдес елдердің интеграциясының серпініне, мәдени және рухани құндылықтарымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Бірлескен күш-жігеріміз білім беру, мәдени және ғылыми бағыттар саласындағы өзара іс-қимылдың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенімдіміз», деді Бақытжан Темірболат.

Меморандум ТүркПА-ға мүше мемлекеттердің өзара әрекеттестігін нығайтып, түркі халықтарының мәдени және тарихи мұрасын, тілдерін, дәстүрлерін, рухани құндылықтарын сақтау мен дамыту мақсатында бірлескен мәдени, білім беру және зерттеу жобаларын іске асыру арқылы түркі халықтарының ынтымақтастығын арттыруды көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА – бауырлас елдердің бірлігін бекемдейтін беделді ұйым. 

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренада көреген саясаткер, парасатты тұлға ретінде үлкен құрметке ие. Осы орайда ТүркПА Елбасының есімімен аталған кітапханамен, яғни білім мен ғылымды, тарих пен мәдениетті шоғырландырған орталықпен серіктес болуға қуаныштымыз. Ынтымақтағымыз нығая берсін! Елдеріңіз аман, жұрттарыңыз тыныш болсын», деді Мехмет Сюрейя Эр.