• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Қараша, 2021

Елордада бірнеше рет пәтер тонаған күдіктілер ұсталды

254 рет
көрсетілді

Елордаға қазан айының соңында келген екі күдікті осы уақытқа дейін сегіз рет ұрлыққа түскен, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар қала аумағындағы жеке меншік сектордағы үйлерге терезені бұзып кіріп, алтын бұйымдар, компьютерлік техника, ұялы телефон, ойын приставкасы және басқа да заттарды ұрлаған. Ұрлаған заттарды жабық базардағы алып-сатарларға сатып отырған.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Сарыарқа» ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының 30 және 25 жастағы екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер бұған дейін ұрлық және тонау фактілері бойынша бірнеше рет сотталған болып шықты.

Қазіргі кезде олардың Алматы қаласының аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Одан бөлек, бір күдікті 2021 жылдың сәуірінде Алматы облысында бес рет пәтерге ұрлыққа түскені үшін бас бостандығынан айырылған. Қазіргі кезде ұсталғандар жасаған қылмыстарын мойындады, олардың астана аумағында жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Күдіктілер Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот алды тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар