• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қараша, 2021

Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды

601 рет
көрсетілді

Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, екі базарда ет дүкені ашылды. Әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 атауына, оның ішінде сиыр етіне бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда.

«Көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша «Жұлдыз» (көтерме сауда) және «Орбита» базарындағы «Ет дүкендері» іске қосылды, онда сиыр еті 2050 теңгеден сатыла бастады, бұл орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен.

Қамтуды ұлғайту үшін «Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында ұқсас дүкендер ашу жоспарланған», деп хабарлады басқармадан.