Шымкентте әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалды. Ал жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қасбеттік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалы құрылысының 80 % жұмыстары орындалды.
«Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысып, әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді», деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Сондай-ақ, жобалық құны 1,7 млрд теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар да аяқталып отыр.