• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2014

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның құрылғанына 15 жыл толуына орай ҚҰТТЫҚТАУЫ

262 рет
көрсетілді

Қымбатты менің әріптестерім! Құрметті қазақстандықтар! Барша нұротандықтар мен «Нұр Отан» партиясы жақ­тау­шыларын оның құрылуының 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – кезекті тарихи меже ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі. Біздің партиямыз – «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. Еліміздің жетістіктері жүз­деген мың партияластардың ең­бек­қорлығымен, сондай-ақ, біздің партиялық бағдар­ла­маларымызды қолдайтын, жал­пыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кан­дидаттарына дау­ыс беретін қазақ­­стан­дықтардың басым көпші­лігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздік жылдарында қо­ғамымыздың барша қазақ­стан­дықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының не­гізіне айналып, «Нұр Отан» пар­тиясының жаңа Саяси доктринасында бекітілді. Партия мен оның барлық жақтастарының күш-жігері оларды әрі қарай ны­ғайтуға бағытталуға тиіс. «2050 Стратегиясын» жариялай отырып, Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолына қадам басты. Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмі­рі­нің барлық бағыттарын жаң­ғыр­тудың тағдырлы үдеріс­терінің басында болу. Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дай­ын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәні­мен берілудің үлгісі болуға тиіс. Партия мерейтойында мен бүгін барша әріптестеріме пар­тия­ның қалыптасуына, оның  Отанымыз­дың өркендеуі жо­лын­дағы жұмысына қос­қан үлес­тері үшін шынайы алғы­сым­ды білдіремін! Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке жә­не Отанымыз – Қазақстан Респуб­ли­касының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілеймін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.