Сізді Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея Кеңесі мүшелері атынан, 1995 жылы 1 наурызда, Сіздің Жарлығыңызбен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 19 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақстан халқы үшін бұл оқиғаның орны ерекше. Біздің Тәуелсіз еліміздің даму тарихы Сіздің осы шешіміңіздің өмірлік маңызын және саяси көрегендігін сан мәрте дәлелдеді.
Жас мемлекеттің қалыптасу жылдарында, Сіздің дана саясатыңыздың арқасында, Қазақстанда жаңа экономикалық және саяси қатынастар қалыптасты.
Сіздің саяси ерік-жігеріңіздің арқасында бүгінде барша әлемдік қоғамдастық мойындаған, еліміздің әрбір патриоты үшін қымбат есім – Нұрсұлтан Назарбаевтың атын иеленген қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі құрылды.
Сіздің басшылығыңызбен Ассамблея жемісті дамып, бейбітшілік пен келісімнің жалпыхалықтық институтына айналды, халықтық сипатқа ие болды.
Бүгінде Ассамблея қоғамның бастаушысы және «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған міндеттерді іске асыруда барша Қазақстан халқына және Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, сенімді тірек болып табылады.
Ассамблея, сенім мен ынтымақтың, азаматтық парыз бен жауапкершіліктің стратегиялық ресурсы бола отырып, азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың берік негізіне айналды.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Сізді, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, халқымыздың ғасырлар бойғы арманы – «МӘҢГІЛІК ЕЛДІ» қалыптастыру жолында бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сендіргіміз келеді.
Біз болашаққа сеніммен қарап, елімізді мақтан тұтамыз, қасиетті қазақ жерін, Қазақ елін және Елбасымызды берген тағдырымызға, Жаратушымызға және тарихымызға ризашылығымызды білдіреміз!
Біз әрқашан Сіздің адал және шын берілген серігіңіз болғанбыз және солай болып қала береміз!
Қазақстан халқы Ассамблеясы күні құтты болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі