• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2021

Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

374 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Медеу ауданында су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін таңғы сағат 09:30-да «Көктөбе» шағынауданы Т.Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында топырақ көшкіні орын алды. Нәтижесінде жол қозғалысында кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Апат орнында қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді, зардап шеккендер жоқ, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді», деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Қазселденқорғау» ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Алматы Тазалық» ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.