Камбоджаның бұрынғы Премьер-Министрі ханзада Нородом Ранарит жексенбі күні 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ранарит Францияда қайтыс болған.
Ханзада Камбоджаның марқұм королі Нородом Сиануктың ұлы және қазіргі король Нородом Сихамонидің туған ағасы болды.
Ол 1993-1997 жылдары ел үкіметін басқарды. Сонымен қатар 1998-2006 жылдары парламенттің төменгі палатасын басқарған.