Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте Теофимо Лопес Василий Ломаченко жіберген қателіктен сабақ алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол австралиялық Джордж Камбососпен болатын жекпе-жектің келісімшартына «Лопес жеңілген жағдайда міндетті қарымта кездесу өткізуі тиіс» деген пункт енгізбеген. Бұған дейін Василий Ломаченко Лопеспен өтетін кездесуде дәл осындай қателікке бой алдырғанда АҚШ боксшысы оны әбден мазақтаған болатын. Қолынан бұрын тілі жүгіретін Лопес енді өзі мазаққа айналып отыр.