• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қараша, 2021

Алматы тұрғыны 2,6 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырған

214 рет
көрсетілді

Алматы тұрғыны заңсыз қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының аумақтық департаменті заңсыз қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысты қылмыстық әрекет жасаған ер адамға қатысты соталды тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында күдіктінің 2017 жылдың аяғынан 2020 жылға дейінгі аралықта бақылаудағы төрт компания арқылы жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеден аса сомаға жалған бухгалтерлік құжаттарды беру арқылы коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтару қызметін көрсеткені анықталды.

Ол бес жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.