• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 29 Қараша, 2021

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек шығару жоспарлануда

269 рет
көрсетілді

Бүгін Женевада Мемлекет басшысының сапары аясында Қазақстан-Швейцария бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форумда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Roche фармацевтикалық компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Кристоф Франц ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche компаниясы арасында стратегиялық әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылған кездесу өткізді.

Негіздемелік келісім Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және дәрілік заттардың жергілікті өндірісінің үлесін ұлғайту, атап айтқанда, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар өндірісін оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың қағидаттары мен ниетін белгілеуге бағытталған.

Қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, бірегей дәрілік заттарды оқшаулау және субстанциялар өндірісі бағытында ілгерілету бүгінгі күні сала үшін маңызды мәнге ие. Отандық өндірісті дамыту үшін қуатты ынталандыру BIGPHARMA ТОП-50 ірі әлемдік фармацевтика индустриясымен өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Sandoz-тің Еуропа бойынша басшысы және Sandoz Атқарушы комитетінің мүшесі Ребекка Гунтернмен кездесу өткізді, онда ҚР-да дәрілік заттар-генериктер мен биосимилярлар өндірісін оқшаулау бойынша жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар ҚР ДСМ басшысы Алексей Цой «m-3 Group» холдингінің президенті Абдалла Шатиламен келіссөздер жүргізді.

Тараптар бірлескен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, «m-3 Group» холдингінің ұсыныстарын қарауға дайын екендіктерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «m-3 Group» холдингінің өкілдері арасында ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша онлайн-кездесу өтті. Кездесу аясында ҚР БҒМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ» мен холдинг арасында Медициналық және ветеринариялық вакциналарды өндіру мен экспорттауды ұйымдастыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.