Бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекцияға 10 адам шалдығып, 9 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарашаның 28 күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 9 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 19 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап ауырғандар саны - 82550, 5149 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны - 73824.