• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Қараша, 2021

Қазақстан Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады

163 рет
көрсетілді

Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штамының коронавирус инфекциясы анықталғанына байланысты және Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасы тоқтатыла тұрады», деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, Марат Шоранов Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар