• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бұйрығы №368-Ө

300 рет
көрсетілді

2013 жылғы 29 қараша               Астан қаласы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодек­сі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 ма­мыр­­дағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары минис­трлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мемлекеттік қызметшілері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде осы Қағидаларды басшылыққа алсын. 3. Әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ре­сурс­­тары министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қам­тамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы А.Г.Дерновойға жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр             Н.ҚАППАРОВ. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің  2013 жылғы 29 қарашадағы №368-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары І. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағида­лары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-І «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-І «Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Жарлығына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), оның ведомстволары және ведомстволарының аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. 3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері: 1) заңдылық қағидасын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға; 2) Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысын құрметтеуге; 3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; 4) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға; 5) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде басқа тұлғаларға шыдамдылық, сыпайылық және құрмет көрсетуге; 6) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде ұжымда ынтымақтастықты орнатуға ықпал етуге; 7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға; 8) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға; 9) лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға; 10) қызметтік субординацияны сақтауға; 11) жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға және басқа мемлекеттік қызметшілерге ұжымда өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерден аулақ болуға; 12) өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; 13) адал болуға, өзінің кәсіби қызметіне ешкімнің, оның ішінде туыстарының, достарының және таныстарының, әсер етуіне жол бермеуге; 14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлауға және құрметтеуге; 15) мүдделер қақтығысының алдын алуға және оны реттеу шараларын қолдануға; 16) өздерінің функциялары мен міндеттерін орындау кезіндегі мемлекеттік қызметшілердің бастамашылығын қолдауға; 17) қарамағындағы қызметшілердің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерін нақты анықтауға, олардан нақты орындау мүмкін емес жарлықтарды бермеуге; 18) осы Қағидат талаптарын бұзу фактілеріне қағидатты әсер етуге, кінәлілердің жауапкершілігімен қатар, өзінің жеке жауапкершілігі туралы мәселені қатар қоюға дайын болуға тиіс. 4. Министрліктің мемлекеттік қызметшісі Кодекспен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауы тиіс. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен немесе олардың өз қызметтік міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудырумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы анық ақпараты болса, мемлекеттік қызмет саласы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамамен белгіленген шараларды қабылдауы қажет. 5. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол: 1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе; 2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса; 3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қызметтен тыс уақытта: 1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге; 2) қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге, өздерінің беделіне нұқсан келтіретін қылықтардан аулақ болуға; 3) Министрлік қызметшісінің жоғары атағының абыройын төмендететін кез келген жеке байланыстардан бас тартуы тиіс. 6. Осы Қағидаттармен көзделген талаптарды орындамағаны немесе бұзғаны Министрліктің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республика­сының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 30 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекет­тік тіркеудің тізіліміне №9050 болып енгізілді.