• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2021

Желтоқсанда ХҚКО-лар жұмыс істемейтін күндер белгілі болды

528 рет
көрсетілді

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты Қазақстанның ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді, оның ішінде 32 мамандандырылған ХҚКО бар, олар арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түріне жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграмм-бот, egovmobile қосымшасы арқылы мереке күндеріне қарамастан онлайн-режимде рәсімдей алады.

«Біз қазақстандықтарды алдағы желтоқсан мерекелерімен құттықтаймыз. Демалыс және мереке күндері тұрғындар барлық шаруаларын аяқтауға, қандай да бір анықтама алуға тырысады. ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс күндері», деді Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.